ҚОНАҚТАР КІТАБЫ
Құрметті оқырман!
Бұл жерде Сіз өз пікіріңізді, ұсынысыңызды, тілегіңізді қалдыра аласыз.
05 : 38 : 46 01 желтоқсан 2008 ҚұлБОРАШ
Құрметті Мархабат аға! Сізді қаламгер ретінде дүйім қазақ жұрты сыйлайды. Бірақ қазір Сізден қаламгер ретінде емес, ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы ретінде Үкіметіміздің "Тілдердің үш тұғырлығы" мәдени жобасының толық ресми үлгісін алуға бола ма? Менің электронды поштама осы мәліметті жолдасаңыз үлкен алғысымды білдірер едім. 14 : 49 : 09 26 қараша 2008 Ф.Алпарслан
Жасасын Түркі Бірлігі. Жасасын Мархабат аға! Сайт керемет. Құрметпен 03 : 23 : 15 02 қараша 2008 Төребек Байтасов
Армысыз, Мархабат аға!
00 : 50 : 32 08 қазан 2008 Азамат
Мархабат аға мен сіздің әңгімелерінізді сүйіп оқимын. Қашанда қаламыңыз талмай, ой-қиялыңыз көкті шарлай берсін. 23 : 43 : 11 03 қыркүйек 2008 Ләззат Сандыбаева
Саламатсыз ба, Мархабат аға! Сайт керемет. Мен мектеп мұғалімімін. Өзіңізден дәріс алғанмын. Оқушымды ғылыми жобалар жарысына дайындық үстіндемін. Тақырыбы: "Мархабат Байғұт шығармаларындағы адамгершілік қағидалары". Мына сайтты көргенде керемет қуандық. Мүмкін болса, алдағы айда өзіңізбен жолығаымз.
Сәлеммен, қазіргі таңда әдебиет пәнінің мұғалімі, өзіңіздің шәкіртіңіз Сандыбаева (Күндебаева) Ләззат. Төлеби ауданы. ОҚО 12 : 31 : 48 11 шілде 2008 Замира
Мен сізді көргенмін. Біраз кітаптарыңызды оқығанмын. Сіздің қызыңыздан дәріс алғанмын. Маған Жебе баспа үйінің тел.номері немесе е-майл адресі қажет еді. Мен қазір Шымқаладан алыстамын. Жебе баспа үйінің адресін іздеп отырып осында түстім. Мүмкін болса адресін жіберсеңіз. Құрметпен Замира 06 : 49 : 24 12 мамыр 2008 Fatih ALPARSLAN
Kiymetli Gulmira hanim,
Sizdin sayttar oto jakshi. Magan unaydi.. 03 : 21 : 45 22 сәуір 2008 Жаңыл Тұрғынбаева
Құрметті Байғұт аға біз сіздің сүйікті оқырмандарыңызбыз,сіздің шығармаларыңызды сүйіп оқимыз.Келешекте шығармаларыңыз биіктен көріне берсін.Әрқашанда оқырмандарыңызды жаңа шығармаларыңызбен қуанта беріңіз."Ұстаздан шәкірт озар дегендей" өзіңіз сияқты шәкірт тәрбиелей беріңіз. Отбасыңызға бақыт, ал өзіңізге шығармашылық табыс тілейміз! Тілек білдіруші: "Парасат" колледжінің ҚТ 07-1 тобының студенттері.
02 : 06 : 10 17 сәуір 2008 Лесхан
Құрметті Мархабат аға. Қазақ әдебитінің электронды дамуына шынайы тілектеспін. Бұл сіздің сайт болғанымен, оқырмандар үшін әдебиет сайты болатынына сенімдімін. Еліміз электронды жұмыс істей алса әлгі айтқан 49 мемлекетті саңымызға қалдырармыз.
Құрметпен Қойлыбаев Лесхан ініңіз. 04 : 41 : 53 22 ақпан 2008 Сәбит
Қазақ тіліндегі әдеби сайтқа, оның жоғары деңгейіне қуаныштымын.Жерлес жазушыларыңызды мейілінше насихаттап, әрі ана тіліміздің, көркем әдебиеттің мерейін өсіріп отырсыздар.
Сәлеммен Сәбит.
Өскемен.
|