Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

БІР АУЫЗ СӨЗ...

«Өзімшілдік өңмеңдей өжеңдеп, мемлекетшілдік мөлиіп, отаншылдық ойсырап жатқан кезенейлі кезеңде адамгершілік алға шықса, сана жаңа сапаға көтерілсе, тәуелсіздіктің шынайы бағасын біліп, биіктей түссек деймін.»


«Өзімшілдік өңмеңдей өжеңдеп, мемлекетшілдік мөлиіп, отаншылдық ойсырап жатқан кезенейлі кезеңде адамгершілік алға шықса, сана жаңа сапаға көтерілсе, тәуелсіздіктің шынайы бағасын біліп, биіктей түссек деймін.»


Абай айтқан “асыл адам айнымасты”, “бар нәрседе де өлшем мен мөлшер болмақ керекті” көксандық пен компьютер мәселесінде һәм мықтап ескеріп, әр әрекетімізге “есті кісідей есеп беріп”, кітап дүниесін біз-дағы ұлттық иммунитет ретінде сақтап қалсақ, қасиеттің үлкені – осы.
Кітаптан алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт.


Айтып-айтпай не керек-ай, ашаршылықтың  алаш санасына түсірген салмағы сараланған жоқ. Әлі күнге дейін. Қазақты жадынан жаңылдырған жағдайлары жан-жақты жазылмаған. Рухын жасытып, жалған намыс жағына қарай жығып сап кеткені безбенделмеді. Егемен еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің ресми реттердегі дәрежесінде де.




(Баспасөз бетіндегі) Сауатсыздыққа қарсы күрес-келер ұрпақтың қамы үшін күрес, тілдің, көркем әдебиеттің, зиялылықтың денсаулығы үшін күрес.

Мәтінді толық оқу


Аллаға шүкір, біздің басты кітабымыз – қасиетті Құран–кәрім. Құранда адами затыңыздың көркем мінез үшін жаратылғаны жазылған. Көркем әдебиетте адам мінезінің, әрекетінің көркемдігін күйттейді.


Атақты данышпан Руми: «Қалай болсаң, солай көрін немесе көрінгенің сияқты бол» деген екен.ғұламаның әрі қарапайым, әрі ғажайып қағидасын бертініректе ғана оқыдық.


Ауылға шын сөз, шынайы ықылас керек. Айналайын, ауыл – азық-түліктік мақсатта ғана емес, күллі  келбет-көркімен, бүкіл болмыс-бітімімен, келешек-көкжиегімен, өре-өрісімен қазақы қалпымыздың қазық жұрты, ұлттық өзгешелігміздің алтын арқауы ретінде сақталуы ләзім.


Барлық рухани, ұлттық уыз, бүкіл құндылықтар, тіл байлығы, дәстүр құнарлары көркем әдебиетте.


Біреулерді мұқату, мұқалту, ғайбаттау, күйе жағудың бәрі күншілдіктен туады.


Дағдарыстың ең түпкі себебі – тойымсыздық, құнығушылық. Адамзатыңыз «адамзаттың Айтматовына» құлақ қойса ғой, қаржы дағдарысына ұшырамас еді. «Мені аса қатты азаптайтын бір нәрсе бар, ақша дегеннің араны ғарышты жұтардай жұтынып тұрғанда, адам болмысы әрқашан алдамшы, нәркүмән; себебі әлгіндей арнады ақшамен ешқандай алып айдаһарың да, идеологияң да теңесе алмақ емес» деген еді.


Дінге де ұлттың ұрпағы ұлттық уыз арқылы баруы керек. Баукең айтқан бесік жыры, ертегі, батырлар жыры, жыраулар поэзиясы, қазақ өлеңі, қазақ прозасы – көркем әдебиет арқылы. Дәстүр-салтыңыздың бар-баршасы көркем әдебиетте. Қазіргі барлық дерттер классикалық және заманауи зиятты-көркем кітаптарды оқымаудан, тоқымаудан туындауда. Көркем әдебиетті ананың ақ сүтінен жаралған алақанға салып оқымайынша, оңала алмайтынымыз анық.


Дүние - әлемді, Жар – Ананы ұстап тұрғандар – қарапайым, қатардағы, адал, ақжүрек, ақниет, абзал жандар.


Дәл қазір қоғамыңызда қараулық, адамыңызда қорқаулық қабынған, қарама-қайшылықтар асқынған, қайбір жақтары шарықтай шығандағанымен, кейбір жақтарын қарадүрсіндік қабыздап, ахлақ азғындаған, сана сансыраған мына заманда дін қайраткерлеріне де, қай-қай саланың зиялыларына да ең алдымен ағартушылық парыз басымырақ жүктеліп тұр.

Мәтінді толық оқу


Ең басты айтайын дегенім – оқырман мен кітаптың арасы, оқырман мен қаламгердің арасы жақындай түссе деген менде үміт, арман, сенім, өтініш бар. Қазақ жастары әдебиеттен, мәдениеттен көгереді. Кітапқа жақындаңыздар, жастар!


Жазушы-Жаратқанның жұмбағы, табиғаттың тылсымы. Адамдардың алуан түрлі екендігі сияқты, жазушы жарықтықтар һәм сан қилы сипатта жаратылар


Журналистикада бағыну мен жағыну деген болмауы керек. Тілші халыққа қызмет етуі тиіс.


Иә, ұлтжандылығынан танбайтын, елшілділігінен таймайтын, алашшылдығынан айнымайтын кадрлар, тағдыры талайлы, тарихы күрделі қазекем үшін ауадай қажет-ақ.

Шүкіршілік, заманыңызда, қоғамыңызда ғажап жағдаяттар жетіп – артылар. Алайда, асқынған аурулар, кесірлі кеселдер де көп. Сондай-сондайларға тұсау салмаққа, дауа таппаққа тағы да Алаш ардақтыларындай қажыр-қайрат жұмсай білмек керек-дүр. Жастар жетіліп, өсіп келеді. Олардың арасынан болашақ басшылар шығады. Алашшыл ардакүреңдер суырылып көзге түседі. Ахметтер «Ертең үшінді», Мағжандар «Мен жастарға сенемінді» бекер бедерлеген жоқ.


Кітапханашылардың айлықтары аз. Бейнеттене білсе, жұмыстары тым-тым қиын. Иықтарындағы жүк түсіне білсе, аса ауыр. Жауапкершілік  өте-мөте  жоғары. Бүгінгі кітапханашыңыз ағартушы, санаткер болмаққа парыздар. Күрескерлік танытуға тиіс.


Күн тәртібінен түспес басты проблемалар – кітапхана мен кітап мәселелері!


Көркем әдебиет адамның адам болып қалуын қамдастыратындықтан, көркем кітаппен қайта табыспай, тасымыз өрге домаламайды.


 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу