Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ҚАЛАМГЕР ХАҚЫНДА...

Мархабат Байғұт хақында кім не дейді?

Қаламгер хақында лебіз білдірушілер көп. Мұнда М. Байғұт ұстаз тұтатын ақын-
жазушылар, үзеңгілес қаламгерлер, Мархабат баулыған шәкірттер пікірлері берілген.

... Ұзақ жылғы қарым-қатынастан байқағаным – Мархабатпен сөйлесе қалсаң, демаласың. Рухани тазару, рухани қуаттану әлеміне енгендей боласың.
Сабырлы кейіппен асықпай қараңызшы, Мархабаттың жүзінен нұр төгіліп тұрады. Бұл – адамдарға, достарға деген мейірім нұры, ыстық ықылас пен сүйіспеншілік шуағы.

Байдулла Қонысбек


Белгілі жазушы Мархабат Байғұтты ақтық сапарға шығарып салды

77 жасқа қараған шағында жазушы, драматург, аудармашы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт –өмірден озды, деп хабарлады (Elorda.info 26.11.22).


«Бұрын да қаламын құрғатпай, Оңтүстіктің бар жақсысын жарқыратып көрсетіп келе жатқан қаламгер Мархабат Байғұттың Оңтүстік өңірінде тұруы, өмір сүруі – Оңтүстік үшін үлкен абырой.»

Құлбек Ергөбек


«Ең бастысы, оның қаламынан туған дүниелерде қылаудай жасандылық жоқ, мейлінше табиғилығымен, сол табиғилығымен өмір, тіршілік жайлы алуан толғаныстарға жетелейді».

Бекен Ыбырайым


«Жазушы Мархабат Байғұт облыста тұрады. Астанадан да, Алматыданда алшақ. «Киікоты» - оның жазғандарының бір тамшысы ғана. Талай – талай құнды көркем кітаптардың авторы. Бұл жазушыда жаратушы өзі бұйыртқан уыз тіл бар».

Шерхан Мұртаза.


«М. Байғұт - өмірдің нәзік қырлары мен сырларын тек өзіне ғана тән призма арқылы көретін жаңа ғасырдың өзгеше, ерекше дарынды жазушысы.
Бүгінгі таңда жазушы шабыттанудың биік белесіне көтеріліп, қазақ прозасына жаңаша жазу тәсілі мен стилін қалыптастырып үлгерді.
М. Байғұт жазушылықпен қатар журналистика саласында да өзіндік бет – бейнесін танытып, қазақ журналистикасының жаңа биікке көтерілуіне қомақты үлес қосып келеді.»

Сарманбай Исақ
Қазақстан Журналистер Одағының
мүшесі, жазушы.


«М. Байғұт әдебиетте өз жолын, өз қолтаңбасын, өз стилін тапқан жазушы».

Дулат Исабеков


«М. Байғұт өзінің алғашқы туындыларымен-ақ оқырман жұртшылықтың, әдеби қауымның ықылас – пейілін бірден аудара білді».

Керімбек Сыздықұлы, профессор.


«М. Байғұттың 2001 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Алма ғайып» әңгімелер жинағына енген он төрт әңгімесі қазақ тарихында хх ғасырдың соңғы он жылында болған өтпелі кезеңді көркем қорытындылау іспетті».

Б. Ысқақ,
С. Торайғыров атындағы
мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы.


«М. Байғұттың суреткерлік ерекшелігіне – тіл байлығының молдығына, жібектей есілетін, серіппедей ширатылатын немесе мың рет балқып, мың рет суынатын әрі оралымды, әрі икемді табиғатына ерікті-еріксіз тәнті болғаныңды сезбей қалатының бар»

Сайлаубек Жұмабек


«М. Байғұттың қай шығармасын оқысаң да, өзің күнде көріп жүрген оқиғаны әдемі жеткізіп, оқырманға ой салуына риза боласың. Шамасы, жазушыдан оқырманның күтері де осы болса керек».

Шынтаева Рауан, студент


«Мархабат Байғұт өткір де өзекті публицистикасымен, толғақты ойларды арқау еткен мақалалармен, бүгінгі күннің тақырыбын көтерген әңгімелерімен оқырмандарға жақсы таныс.»

«Егемен Қазақстан» редакциясы


«Мархабат Байғұттың жүрегінде жазылмаған жазулар, жұртшылыққа берер рухани азығы әлі көп.»

«Оңтүстік Қазақстан» редакциясы


«Мархабат талай талантқа жол көрсетіп, қолынан келсе, қамқорлығын аямайтын жан. Бір кітап жазып қоя салатын жағдайым бар еді, Мархабат шығармашылығыма сәт – сапар тілеп, қанаттандырып жіберді. Мен бұл кісіден жазуды үйреніп жүрген шәкіртімін.»

Амантұр Мұса


«Мархабат тисе терекке, тимесе бұтаққа деп қаламын оңды-солды сілтей беретін жазушы емес. Не жазса да қиналып жазатын жазушы. Кейде творчествоны қызығы бітпейтін той көретіндер де бар. Ал , Мархабаттың творчествосы көбіне аса бір қиындықпен келетін қуанышқа бейім.»

Қалдарбек Найманбаев


«Мархабат қазақ өмірінің бүгінгі тынысына үңілген кезде жаңаша өзгерістерді көргіш. Оның кейіпкерлері – Дон кихоттық әпенділіктен арыла алмаған, сөйтсе де барға қанағат, жоққа салауат қылатын біртоға жандар. Бұл жағынан ол Бейімбет Майлиннің тікелей мұрагерлік жорасына жүре алады».

Жұмабек Шаштайұлы


«Мархабат – тұңғыш әңгімелер жинағымен – ақ танылып үлгерген жазушы ... «Оңтүстік Қазақстан» газетінде істей жүріп, неғұрлым нақтылыққа, қысқалыққа машықтанған. Көркем туындылары өз табиғатынан бастау алады. Тәршімәшылдығы да тәнті етеді».

Тәкен Әлімқұлов.


«Мархабаттың «Жалбыздының жағасында», «Доланай шахтасы», «Айып», «Дауыстың түсі», «Жемелек», «Шел» сияқты шығармалары оны қазіргі қазақ әңгімесінің шеберлері қатарына қосады».

Бақыт Сарбалаев


«Мархабаттың аты аталып, туындалары түстелген тұста менің көз алдыма бүкіл шығармашылық жолдында өзі алуға тиіс биік мұраттарды, асқар асуларды өзіндік сырбаз, өзіндік сыпа қалпындағы суреткерлік болмыспен көрсетіп келе жатқан азамат бар тұлғасымен тұра қалады».

Сайлаубек Жұмабек


«Мархабаттың басқалардан артықшылығы ― ол өз кейіпкерлерінің қалың ортасынан алыстаған емес»

Дулат Исабеков


 1 23>>>

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу