Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

Мархабат Байғұт шығармаларының кез келгені оқырманға бір ой салады, ойсыз, түйсіксіздің өзі ойлануға тиісті мәселелерді ұсынады.

Бір нәрсе анық, жазушының қай әңгімесі болса да бүгінгі күннің күрделі сұрағына жауап іздейді, бүгінгі күннің сан алуан сұрақтарына жауап іздеп қана қоймай, жан айқайын айтады.

Жазушының баға жетпес келесі бір қасиеті ащы да болса шындықты, ақиқатты айтуы, қазіргі уақыттың шындығын ертеңге қалдырмай бүгін айтуы, ең бастысы, сіз бен біз айта алмайтын ақиқатты батыл айтуы. Бүгінгі күннің ақиқатын алдаспандай айбынмен қаймықпай айтатын ақын-жазушыларсаусақпен санарлықтай, М. Мағауин, Ш. Мұртаза,ғ Қ. Жұмаділов, М. Шаханов сынды санаулы тұлғалардың қатарындва Мархабат Байғұт тұр десек қателесе қоймаймыз.

М. Байғұт шығармаларындағы шындық пен ақиқат аз емес, ол ақиқаттан аттамайтын, шындықтан қорықпайтын жазушы, қалың оқырман жазушы Байғұтты сол үшін бек құрметтеп, сүйеді-дүр.

Нариман Нұрпейісов
ОҚМУ доценті

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу